Байзақ ауданында жол бойындағы дәмхана өртенді | arainews.kz

Байзақ ауданында жол бойындағы дәмхана өртенді

161

Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолының бойында орналасқан дәмхана өртенді.

«Байзақ ауданындағы Ақ Шолақ стансасының қасында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік жолының 460-шы шақырымындағы Алматы-Ташкент учаскесінде бір қабатты «Алып» дәмханасы өртенді.

Өрт салдарынпан ғимараттың төбесі опырылып түскен. Өрт облыстық ТЖД «ӨСАҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің күшімен бір сағатта ауыздықталып, бір сағат, он бес минутта сөндірілді. Жалынмен күреске 14 қызметкер және төрт техника жұмылдырылған. Өртке газ жабдықтарын пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін деген болжам жасалып жатыр.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.