Байзақ ауданының кәсіпорындары 2 100 млн. теңгенің өнімін өндірген | arainews.kz

Байзақ ауданының кәсіпорындары 2 100 млн. теңгенің өнімін өндірген

143

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Рахматілдә Сегізбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Байзақ ауданы соңғы 9 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2100 млн. теңгенің өнімін өндірген. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,5% құрап отыр. Сондай-ақ аудан әкімі ауыл шаруашылық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.
«Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 26 млрд теңгені, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады. Байзақ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 169971 гектар құрайды. Оның ішінде егістігі 58739 гектар, 29108 гектары суармалы, көп жылдық екпелер 356 мың гектар, шабындық 5408 га, жайылым 104008 гектар.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы егілген жер көлемі 1683,2 гектарға артып, 3,3 пайызды құрады. Қазіргі таңда аудандағы 50800 га жер электрондық картаға енгізілді.(102,2%). Ауыл шаруашылығына ақылды техникаларды енгізу бағытындағы жұмыстар өз жемісін беруде. Ауданда 5,2 гектарды құрайтын 5 жылыжайлар шаруашылығы жұмыс істейді. (оның 2-і өнеркәсіптік және 3-і фермерлік үлгіде). Биыл 7 отбасылық жылыжай іске қосылды (0,8 гектар). Нәтижесінде аудан бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 6,0 гектарды құрап отыр», – деді ол.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.