Ұлыбритания мен Жапонияның бірлескен әскери жаттығуы өтіп жатыр | arainews.kz

Ұлыбритания мен Жапонияның бірлескен әскери жаттығуы өтіп жатыр

140

Ұлыбритания Жапония күштерімен осы елдің Фудзияма тауының етегінде алғаш рет бірлескен әскери жаттығу өткізуде.

Екі аптаға созылатын шараға Жапония қорғаныс күштері мен Тұманды Альбионның 100-ден астам сарбазы қатысуда. Ресми Лондон оқу-жаттығу екі елдің әскери байланысын нығайтып, ынтымақтастығын тереңдете түседі дейді. Сондай-ақ шара Күншығыс елінің Ұлыбританияның Азиядағы басты серіктесі екенін көрсетіп отыр. Ал бұл екі мемлекеттің аймақтағы мүддесі АҚШ-тың ұстанымына сәйкес. Нақтырақ айтқанда, олар Қытай өңірде өз ықпалын күшейтіп, Азия, Еуропа және Американы байланыстыратын басты сауда жолдарын бақылауына ала ма деп қауіптенеді. Осы категория бойынша: « Ресей Сирияға С-300 зениттік-зымырандық кешенін жеткізді Трампқа қауіпті хат жолданған »

 24.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.