Талас ауданында «Өнерлі отбасы» байқауы өтті | arainews.kz

Талас ауданында «Өнерлі отбасы» байқауы өтті

568

Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде Талас ауданының 90 жылдығына орай «Өнерлі отбасы-2018» атты аудандық байқау өткізілді.

Байқауды аудан әкімдігінің мәдениет дәне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П.Оспанов ашып беріп, байқауға қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Өнерлі отбасылар сайысына аудан бойынша бес өнерлі отбасы қатысты. Атап айтар болсақ, Ақкөл ауылынан келген «Жанғазиндар» отбасы, Аққұм ауылынан келген «Бөлекбаевтар» отбасы, Қызыләуіт ауылынан келген «Олжабаевтар» отбасы, Есейхан ауылынан келген «Убайдаевтар» отбасы және Ойық ауылынан келген «Батырбековтар» отбасы.

Байқауға отағасы мен отанасынан бөлек кішкентай бүлдіршіндері де барынша атсалысып, ән айтып, би билеп, күй тартып жатса, ал бірі поэзия жанрынан да құр алақан еместігін көрсетті.
Қазылар алқасының төрайымы Сауле Абдрахманқызы өнерлі отбасылардың өнерін бағалау қазыларымызға өте оңай болмағандығын айта келе мараппатау барысында «Бас жүлдені» Ойық ауылынан келген «Батырбековтар» отбасына табыс етті. Жүлделі «І орын» Аққұм ауылынан келген «Бөлекбаевтар» отбасына, «ІІ орын» Қызыләуіт ауылынан келген «Олжабаевтар» отбасы, «ІІІ орын» Ақкөл ауылынан келген «Жанғазиндар» отбасы мен Есейхан ауылынан келген «Убайдаевтар» отбасына бұйырды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.