Басқарма басшысы 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды | arainews.kz

Басқарма басшысы 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды

382

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысында жер үшін пара алған шенеунікті ұстады, – деп xабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, күдікті —  жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау бойынша облыстық басқарманың басшысы.

«Ол шаруа қожалығына тиесілі 25 гектар жерді мемлекет пайдасына қайтармағаны үшін 50 мың доллар талап еткен. Соның 2 млн теңге көлеміндегі парасын алды деген күдік бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.