Ескараев Мамырбек Сағынтайұлы — arainews.kz

Ескараев Мамырбек Сағынтайұлы

Талас аудандық маслихат депутатығына №8 сайлау округінен үміткер

6

Құрметті қала тұрғындары, жерлестер!

Мен, М.С. Ескараев , өз қаламыздың әрбір тұрғыны үшін өмір сүру сапасын жақсарту, өзекті мәселелерді ашық және тиімді шешу үшін аудандық маслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсынамын. Менің мақсатым құрғақ уәде емес, нақты істермен қаламыздың, оның ішінде тұрғылықты аумағымыздың дамуына үлес қосу.

Менің сайлау алды бағдарламам алты бағыттан тұрады:

  1. Сапалы инфрақұрылым және жайлы орта.

Жолдарды жөндеу; Аудан орталығы мен ауылдар арасындағы ішкі жолдардың сапасын бақылауға алып, орташа және ағымдағы жұмыстарының уақтылы орындалуына қол жеткізу.

Жарықтандыру және тазалық; Көшелерді толық жарықтандыру және қоқыс полигондары мен қалдықтарды шығару жүйесін ретке келтіру. Қауіпсіздікті арттыру үшін шеткі көшелерге заманауи жарықдиодты шамдар орнату.

Ауыз су және газ; Әрбір үйге таза ауыз су, табиғи газ интернет байланысын  үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін жобалардың қаржыландырылуын талап ету.

Жайлы қоныс; Қаланың шеткі аумақтарында  4 пәтерлі бір немесе екі қабатты жайлы үйлер салу. Мақсат көшіп келуші  тұрғындар арқылы  мектеп оқушылары санын арттыру.

  1. Экономика және жұмыс орындары.

Жергілікті бизнесті қолдау; Шағын және орта бизнес үшін салықтық жеңілдіктер немесе төмен пайызбен несие бағдарламаларын ұсыну.

Бір қала- бір өнім; Қаланың ерекшелігіне қарай мамандандырылған  шағын кәсіпорындар ашу жолдарын қарастыру.

Жаңа жұмыс орындары;  Инвесторлар тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу және оларға жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру квотасын енгізуге ықпал ету.

  1. Әлеуметтік қолдау және денсаулық сақтау.

Медицина қолжетімділігі; Ауданымыздағы  елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек  көрсету пункттерін заманауи құралдармен жабдықтау және білікті  мамандарды тарту.

Сапалы білім; Аудан мектептері мен балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу.

  1. Жастар саясаты мен спорт.

Жұмыс орындары; Жастардың үлкен қалаларға кетпеуі үшін жергілікті экономиканы ынталандыру бағытында бағдарламалар әзірлеуге атсалысу.

Спорт пен бос уақыт; Қаламызда  тегін спорттық және воркаут (workout) аландарын салу, жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді көбейту. Қаланың шеткі аумақтарында заманауи спорт кешендерін салу  жолдарын қарастыру.

Жастарға қолдау: Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, оларды заманауи өнеркәсіптегі қажетті мамандықтарға тегін оқыту курстарын ұйымдастыруға күш салу. Соның ішінде, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті жастардың қатысуына ықпал ету. Мақсат кәсіпкерлік арқылы жастардың қоғамдық пайдалы белсенділігін арттыру.

  1. Табиғатқа қамқорлық — салауатты болашақ.

 Табиғатқа қамқорлық жасау; Аумақтағы ағаштардың  санын көбейту, атап айтқанда қаланың шығыс жақ бетіне  «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойына тал-дарақтарды егуге бюджет қаражатын бөлдіруге ықпал ету.

      6. Ашықтық және халықпен кері байланыс орнату.

Тұрақты қабылдау; Ай сайын тұрғындармен есептік кездесулер өткізіп, түскен арыз-шағымдардың орындалуын тікелей назарда ұстау.

Ашық бюджет; Аудан бюджетінің жұмсалуын халық алдында ашық көрсету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

Құрметті сайлаушылар!

Менің ұстанымым: «Әділдік. Жауапкершілік. Нәтиже»

Тапсырыс беруші: № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ескараев М.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.