Дені сау, білімді әрі белсенді ұрпақ – елдің ертеңі мен ұлт болашағы — arainews.kz

Дені сау, білімді әрі белсенді ұрпақ – елдің ертеңі мен ұлт болашағы

5

№2 бірмандаттық аумақтық  сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының  депутаттығына кандидат 
Әкімбаев Марс Нүркенұлы

Өмірбаяным

Мен, Әкімбаев Марс Нүркенұлы, 2001 жылғы 11 қазанда дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
2019–2023 жылдары Almaty Management University (Алматы Менеджмент Университеті) жоғары оқу орнында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды 2020 жылы «Әкімбаев» жеке кәсіпкерлігіне қарасты қонақүй кешенінде әкімші қызметінен бастадым. 2020–2023 жылдары осы қызметті атқара жүріп, ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар бойынша тәжірибе жинақтадым.
2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «JAS TAMIR SCHOOL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шаруашылық меңгерушісі лауазымында қызмет атқарып келемін.
Негізгі мақсатым – кәсіби білімім мен жинақтаған тәжірибемді тиімді пайдалана отырып, өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау, ел игілігі жолында еңбек ету және қоғамның дамуына үлес қосу.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Әкімбаев Марс Нүркенұлы, №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде өз сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.
Менің басты ұстанымым – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді назардан тыс қалдырмай, олардың шешілуіне нақты ықпал ету. Қай салада болмасын, халықтың сұранысы мен ұсынысын ескеру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау маңызды деп санаймын.
Осы мақсатта депутат болып сайланған жағдайда төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді көздеймін.

Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларын қолдау

Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салалары – қоғамның тұрақты дамуының негізгі тірегі. Бұл бағыттардағы өзекті мәселелердің шешілуі әрбір тұрғынның өмір сапасына тікелей әсер етеді.
• Білім беру және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау мен мәдениет салаларында қалыптасқан өзекті мәселелердің оң шешімін табуы үшін тиісті мемлекеттік органдар алдында ұсыныстар мен бастамалар көтеремін.
• Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етемін.
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жұмысына қатысты мәселелерді назарда ұстап, олардың шешілуіне атсалысамын.
• Денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет сапасын арттыруға және тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімді болуына бағытталған бастамаларды қолдаймын.
• Мәдениет саласындағы нысандардың жағдайын жақсарту, тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелерін көтеремін.

Қала инфрақұрылымын дамыту және жол сапасын жақсарту

Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін сапалы жол, үздіксіз ауыз су және қауіпсіз көлік қатынасы қажет. Сондықтан округ аумағындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу менің жұмысымның басым бағыттарының бірі болады.
• Абай даңғылы бойында салынып жатқан көпірдің құрылысын толық аяқтау мәселесін назарда ұстап, жұмыстың белгіленген талаптарға сай әрі сапалы орындалуына ықпал етемін.
• Өзім ұсынылып отырған сайлау округіне қарасты көшелердегі ауыз су және жол мәселелерінің шешілуіне, қажетті жобаларға бюджеттен қаражат бөлінуіне ықпал етемін.
• Абылай хан, Жангелді, Абай көшесінің қиылысы және Күләш Байсейітова көшелеріндегі жолдарды орташа және күрделі жөндеу мәселелерін тиісті органдар алдында көтеремін.
• Жолдардың сапалы жөнделуіне, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына және көлік қатынасының қолайлы болуына басымдық беремін.
• Инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысын бақылап, тұрғындар көтерген мәселелердің шешілуіне атсалысамын.

Жастар саясаты және бұқаралық спортты дамыту

Ел тірегі – жастар. Сондықтан жас ұрпақтың сапалы білім алуына, спортпен шұғылдануына және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау қажет.
Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруға және қолда бар спорт нысандарын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлемін. Сонымен қатар спорт нысандарының тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарға ықпал етемін.
Осы мақсатта:
• Жастар арасында бұқаралық спортты насихаттауға және спорттық жарыстар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетемін.
• Қолданыстағы спорт нысандарының тиімді пайдаланылуына және тұрғындар үшін қолжетімді болуына ықпал етемін.
• Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына, олардың жан-жақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдаймын.
• Мемлекеттік жастар саясатын қолдай отырып, жас буынды имандылыққа, инабаттылыққа, отансүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелеу ісіне атсалысамын.
• Еліміздің намысын қорғайтын дарынды жас спортшыларға мүмкіндігінше қолдау көрсету мәселесін назарда ұстаймын.
Өйткені дені сау, білімді әрі белсенді ұрпақ – елдің ертеңі мен ұлт болашағы.

Құрметті сайлаушылар!

Баршаңызға айтарым – бұл біздің ортақ міндетіміз, бірлесе атқаратын жұмысымыз. Қоғамның дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру тек бір адамның емес, баршамыздың жауапкершілігімізге байланысты.
Менің басты мақсатым – «Әділет» партиясының игі бастамалары мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған саясатын қолдау және оны жүзеге асыруға өз үлесімді қосу.
Егер сіздер маған сенім артып, №2 сайлау округінен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты етіп сайласаңыздар, артылған аманат пен жауапкершілікті абыроймен атқару үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуге дайынмын.
Өйткені мен үшін ең бастысы – құр сөз емес, нақты іс пен нәтижелі жұмыс. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы, Ұлы Дала елінің өркендеуі және халықтың әл-ауқатының артуы жолында еңбек етуге ниеттімін.
Мен сіздердің қолдауларыңызға сенемін!

Тапсырыс беруші: № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Әкімбаев М.Н.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.