Өңірдің тұрақты дамуы – ел экономикасының орнықты өсуінің негізгі алғышарттарының бірі — arainews.kz

Өңірдің тұрақты дамуы – ел экономикасының орнықты өсуінің негізгі алғышарттарының бірі

5

№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Бегалиева Эльмира Рустемовна

Өмірбаяным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Бегалиева Эльмира Рустемовна, 1978 жылы 18 желтоқсанында, Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім, 1995 жылы Амангелді атындағы орта мектебін үздік аттестацияға бітірдім.
Білімім – жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірдім.
2024-2025 жылдары М.Х.Дулатиатындағы Тараз мемлекеттік университетінде магистратура (ЕМВА) – Іскерлік әкімшілік мамандығы бойынша магистрі атандым.
Еңбек жолымды 2001 жылы «Темірбанк» АҚ Тараз қаласындағы филиалында бухгалтерлік, кредиттік бөлімдерінде қызмет атқарудан бастадым.
2006-2008 жылдары Алматы қаласында «Алматыжер» КМК құжаттар қабылдау және дайындау бөлімінде бөлім басшысы, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары бөлімі басқармасының жер есебін жүргізу бөлімінің бас маманы, 2009-2012 жылдары ауыстыру тәртібімен Жамбыл облысы, Меркі аудандындың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары Жамбыл облысының Әділет департаментінде бас маман, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жер қатнастары басқармасының жер есебін жүргізу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым.
2015 жылдан бастап жеке кәсіпкер, «Салтанат балабақшасы» ЖШС құрылтайшысымын.
2023 жылдан бастап «Әліш атындағы мектеп гимназиясының» құрылтайшысымын.
VIII шақырылымдағы Жамбыл ауданы және Тараз қалалық маслихат депутаты болдым.
Мамандығым – экономист. Қызметім ұйымдастыру мәселелерімен, жергілікті инфрақұрылымды дамытумен және тұрғындардың өтініштерімен байланысты болды.
Кәсіби қызметім барысында инфрақұрылымды күтіп ұстау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналыстым. Осы тәжірибе нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғындырды.
Облыстың дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.
Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні осында.
Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.

Сайлауалды бағдарлама

2026-2031 жылдарға арналған нақты міндеттемелер

Жолдар мен көлік

Тараз қаласына қарасты Құмшағал шағынауданы, «Шалғай Қарасу» алабының, «Арай» алабы, «Көктем» алабы, «Аса» шағынауданы Қостанай көшесінің үйлері, «Қызылабад» шағынауданы, «Шөлдала» шағынауданы, «Коммунальник» тұрғын үй алабы, «Ветеран» тұрғын үй алабы, «Дорожник» алабы, «Бәйтерек» шағынауданы, «Бақшашы» тұрғын үй алабы көшелерінің жолдарын орташа және күрделі жөндеуге қолдау. Осы аталған алаптар мен шағынаудан көшелерінің арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.

Сумен және электрмен жабдықтау, коммуналдық инфрақұрылым

«Бәйтерек» шағынауданы, «Шалғай Қарасу» алабының, Бақшашы тұрғын үй алабы үйлерінің сыртқы желілерімен, электрмен, сумен жабдықтау және кәріз, газбен жабдықтау және аумақты абаттандыруға қолдау көрсеті.

Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігін дамыту

«Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде 2031 жылға дейін Тараз қаласында бизнес субъектілерінің жобаларына қолдау көрсетіп, халыққа жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау.

Жаңа жұмыс орындары және тұрғындарының табысы

Шағын бизнесті дамыту және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

Қолжетімді әрі сапалы медицина

«Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының соматикалық корпусы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

Заманауи мектептер және балаларға қолайлы жағдай

Тараз қаласының білім бөлімінің мектептеріне STEM кабинетін сатып алу және материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 2027-2029 жылдары мектепке апаратын жолдарды ретке келтіруге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және мемлекеттік мекемелерде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

Жастарды қолдау

«Жасыл ел» жасақтары шеңберінде және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спорт жарыс- тарын ұйымдастыруға, қолда бар спорт нысандарын тиімді пайдаланып, қолжетімділігін арттыруды мақсат етіп отырмын. Өйткені, дені сау ұрпақ – ел ертеңі, ұлт болашағы.

Таза әрі абаттандырылған ауылдар

Қоршаған ортаны қорғау әрбір адамның дені сау әрі әл-ауқатты өмірінің базалық шарты ретінде қарастырылады, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау көрсету. Мақсат – қаланың экологиялық жайлылықтың және табиғатқа ұқыпты қараудың үлгісіне айналдыру.

Қадірлі жерлестер!

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім аясында сіздердің мүдделеріңізді қорғап, әр мәселенің шешімін табу үшін жүйелі жұмыс істеуге дайынмын. Мен үшін алған міндеттемемді нақты іспен орындау маңызды.
Жүкті жұмыла көтерсек, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

Тапсырыс беруші: № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бегалиева Э.Р.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.