Сейтхан Жошыбаев: «Адал еңбек пен шын ниет үшін дауыс бердім» — arainews.kz

Сейтхан Жошыбаев: «Адал еңбек пен шын ниет үшін дауыс бердім»

24
Құрылтай сайлауында жамбылдық жастар да, егде тартқан қазыналы қариялар да белсенділік танытуда. Сол ақылман ардагерлердің алды, медицина ғылымдарының докторы, профессор, белгілі кардиохирург, «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің Үздігі» Сейтхан Жошыбаев Тараз қаласындағы №50-cайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Сейтхан Жошыбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында біз таза және әділетті Қазақстанды тек дені сау қоғаммен, дені сау ұрпақпен ғана құра алатынымызды алға тартып, өскелең ұрпақсы салауатты өмір салтын берік ұстануға үндеді.

– Бірінші байлық – денсаулық. Он екі мүшесі сау, ақыл-парасаты биік азаматтарды қалыптастыра түсу үшін экономикасы берік, даму импульсі тұрақты мемлекетті құруға жыл өткен сайын күш салуымыз керек. Ал, бұл Құрылтай сайлауы – сол жұмыстың басы ғана деп білемін. Сол үшін бүгін қым-қуыт тірліктен уақыт тауып, өз дауысымды беруді жөн санадым, – дейді абыз ақсақал.

Айта кетейік, еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.