Талас аудандық Жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп, ауданның көркеюі мен көгалдандырылуына өз үлестерін қосқан жастарды марапаттау рәсімі өтті.
Шараға Жастар ресурстық орталығының директоры Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы қатысып, жастарды атқарған еңбектерімен құттықтап, олардың туған өлкені абаттандыру мен көгалдандыру ісіне қосқан үлестерін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде жастарға адал еңбектері, белсенділіктері мен жауапкершіліктері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы жұмыстарға белсене атсалысуға шақырды.
Іс-шара барысында жазғы еңбек маусымында ерекше белсенділік танытып, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарған жастарға Алғыс хаттар табысталды.«Жасыл ел» бағдарламасы – жастарды еңбекке баулып, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды жоба. Осындай игі шаралар жастардың еңбегін дәріптеп, олардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.