Спорттық іс-шара ұйымдастырылды - arainews.kz

Спорттық іс-шара ұйымдастырылды

21

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде демалыс күндеріне арналған жоспарға сәйкес сотталған азаматтардың қатысуымен спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға мекеменің шаруашылық жасағына қалдырылған сотталған азаматтар қатысып, түрлі спорттық жарыстар бойынша өзара бақ сынады. Шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту.

Спорттық сайыстар барысында қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың дене белсенділігін арттырып, тәртіпті сақтауға және оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени-спорттық іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жұмыстарын жалғастырады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.