«Анаға апарар жол» фильмі арқылы жасөспірімдерге тағылымды тәрбие берілді - arainews.kz

«Анаға апарар жол» фильмі арқылы жасөспірімдерге тағылымды тәрбие берілді

10

Тергеу изоляторында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған тәрбиелік бағыттағы іс-шара ұйымдастырылып, Анаға апарар жол көркем фильмі көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген құрмет сезімін қалыптастыру және өмірде дұрыс жол таңдаудың маңыздылығын түсіндіру.

Фильм желісі арқылы басты кейіпкердің өмір жолы көрсетіліп, әрбір қателіктің салдары болатыны терең ашып көрсетілді. Сонымен қатар ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты мен кешірімі көрерменге ерекше әсер қалдырды. Туынды жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасын өзгертуге, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Көрсетілім аяқталған соң қатысушылармен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылды. Жасөспірімдер фильм мазмұны бойынша өз ойларын ортаға салып, ата-ананың қадірін түсіну, үлкендерді сыйлау және болашақта дұрыс таңдау жасау қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар іс-шара аясында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстану бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға өз өмірі мен болашағы өз қолдарында екені, әрбір қабылданған шешімнің тағдырға әсер ететіні атап өтілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тәрбиелік шаралар жасөспірімдердің рухани дамуына, қоғамға бейімделуіне және дұрыс өмірлік бағыт таңдауына оң ықпал етеді. Алдағы уақытта да тергеу изоляторында кәмелетке толмағандармен осындай мазмұнды әрі пайдалы іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.