Атап айтқанда, республикада «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Құжат экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған.
Негізгі бағыттар арасында:
▫️ халықтың экологиялық ойлау мен мінез-құлқын жақсарту;
▫️ экологиялық жауапты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру;
▫️экологиялық ағарту және білім беру;
▫️экология мәселелерін кең көлемде ақпараттық қамту.
«Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған»,
— деп атап өтті ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылуда – олар табиғатты аялау бастамаларын жүзеге асырудағы маңызды серіктестер ретінде қарастырылады.
Еліміздегі көптеген компаниялар қазірдің өзінде «Таза Қазақстан» аясындағы іс-шараларға қатысып, тұрақты технологиялар енгізіп, өздерінің қатысатын өңірлерде экожобаларға қолдау көрсетуде.