«Respublica» партиясы филиалының төрағасы тағайындалды | arainews.kz

«Respublica» партиясы филиалының төрағасы тағайындалды

13

Тараз қаласында «Respublica» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға партияның Орталық аппарат басшысының орынбасары Әлібек Ашметов, облыстық мәслихат депутаттары, бизнес және қоғамдық сектордың белсенді мүшелері, жастар мен әйелдер ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Отырыс барысында «Respublica» партиясының Жамбыл облыстық филиалына Айнұр Келімбетова төраға болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған филиал төрағасы өз сөзінде халықпен кері байланысты күшейту, ауыл-аймақтарда қоғамдық қабылдаулар ашу және әлеуметтік бастамаларға кең қолдау көрсету сынды нақты міндеттерді атап өтті.

Жиында Аймақтық кеңестің жаңа төрағасы болып Нұрсұлтан Темірхан сайланды. Ол өз сөзінде өңірлік саясаттағы серпінді қадамдарды қолдайтынын, партия бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін және кеңес жұмысын жүйелі жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар кеңесте партияның 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған өңірлік даму жоспары таныстырылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.