Өңірде «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды | arainews.kz

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды

7

Бүгін партия Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Өңірлік даму» және «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» жөніндегі аймақтық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.

Айта кетейік, осыған дейін кеңес мүшелері жобаның Меркі ауданында жүзеге асырылуына зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын. Ол бойынша баяндама жасаған кеңес мүшесі Керімқұл Бегалиев жобаның тиімділігімен қатар бірқатар кемшіліктер де бар екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, жоба аясында құрылған кооперативтердің субсидияға уақытылы қол жеткізе алмауы. Сондықтан кооператив мүшелері де зардап шегуде.

Сондай-ақ, кеңесте Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев та баяндама жасап, жоба аясында 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 6,6 млрд. теңге сомасына 724 жоба қабылданып, оның 3,2 млрд. теңге сомасына 422 жоба қаржыландырылғанын жеткізді.

Ал, жобаны өңірде жүзеге асырып отырған сенімді агент – «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Еркін Жылысбек жиналғандарға «Ауыл аманаты» жобасының негізгі бағыттары мен нәтижелері туралы ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кеңесте сөз алған облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеев те «Ауыл аманаты» жобасының өңірлік көрсеткіштерге әсерін саралап өтті.

Кеңес жұмысы барысында қатысушылар жобаның жетістіктері мен кемшіліктерін талқылап, алдағы уақытта оны жетілдіру жолдарын қарастырды. Жиын соңында бірлескен отырыс өз жұмысын қорытындылап, алдағы міндеттер белгіленді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.