«Кітапхана аялдамасы» | arainews.kz

«Кітапхана аялдамасы»

8

«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы «Кітап-AMANAT» жобасы аясында Ұлттық кітап күніне орай «Кітапхана аялдамасы» атты іс-шарасын ұйымдастырылды.

Мұндағы мақсат — қоғамды жаппай кітап оқуға шақыру, қазақстандық авторлар мен кітап баспаларына қолдау көрсету, кітап оқуға ынталандыру.

Аялдамада аудандық филиалдың «Кітап-AMANAT» орталығының кітаптары ауладағы сөрелерге қойылып, кітапқұмар қауымға «Қалай кітап оқуға құштарлықты арттыруға болады?» тақырыбында шебер- сынып, сөрелердегі кітаптарға шолулар жасалды. Қонаққа келген аудандық маслихат депутаты Г.Ермекова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Оралов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Ш.Абдурасулов, аудандық өлкетану музейінің директоры А.Үкібаевтар кітап оқудың тәрбиелік мәні мен маңызына тоқталды.

Жиында аудандық филиалдың төрағасы Индира Спаналиева жүргізіп, ұлттық, отандық ақын-жазушыларымыздың кітаптары мен Партияның «Кітап-AMANAT» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жарнамалап, жиылған қауымды кітап оқуға шақырды.

Кітапхана аялдамасына мәдениет, білім саласы мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері және жастар тоқталып, кітаптармен танысып, кітап сатып алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.