Кеңесте отбасын қолдау орталықтарын салудағы мәселелер қаралды | arainews.kz

Кеңесте отбасын қолдау орталықтарын салудағы мәселелер қаралды

7

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы Байзақ ауданында өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уәлихан Болатбек, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, сондай-ақ, онлайн режимде Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары қатысты.

Басқосу өтпестен бұрын кеңес мүшелері аудан орталығындағы «Отбасын қолдау орталығының» жұмысымен танысты. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өткен жылдың қараша айында ашылған бұл орталық 16 орынға шақталған. Жыл басынан бері мұнда 7 азаматша келіп, қызметін алған. Ал, қазіргі таңда 1 азаматша 4 баласымен орналасқан.

Мұнан кейін кеңес отырысы өтіп, ол жиында аудан орталықтарында «Отбасын қолдау орталықтарын» салу бойынша мәселе қаралдық. Айта кетейік, мұндай орталықтар Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандарында ашылмаған. Сол секілді, Жуалы ауданындағы осындай орталық сауда нысанының жоғарғы қабатында орналасқан. Оны қайта бейімдеу бойынша аудан басшылығына тиісті ұсыныстар жолданатын болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу туралы мәселе де назарға алынды. Айта кетейік, өткен жылы облыста жоспарланған 259 нысанның 246-сында бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталып, 13 нысанда жартылай бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Ал, биыл аймақта 259 нысанды бейімдеу жоспарланса, жыл басынан бері оның 66 нысанынанда мұндай жұмыстар басталып кеткен.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.