Жамбылда сотталғандар тарапынан 25 құқық бұзушылық анықталды | arainews.kz

Жамбылда сотталғандар тарапынан 25 құқық бұзушылық анықталды

14 674

Тараз қаласында пробациялық қызметтің бақылауына алынған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар мен қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында 15-22 тамыз аралығында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған шара барысында соттармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар туралы мәліметтерге тиісті салыстыру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Тараз қалалық №1 пробация қызметінде 250-ден астам азамат есепте тұр. Пробация қызметкерлері мен өңірлік полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторларының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде қазірге дейін 25 құқық бұзушылық анықталған. Бұдан бөлек, жаза өтеу шарттарын ұдайы бұзып, электронды білезік тағынған бас-аяғы 30 азаматтың тәртіп бұзғандығы белгілі болған. Нәтижесінде Тараз қалалық №2 сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін 10-нан астам материал жолданған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.