«Жыр падишасы — Фариза» | arainews.kz

«Жыр падишасы — Фариза»

3 666

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастыруымен жазғы лагерьде демалушы балаларға Қазақстанның халық ақыны, халық жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттау, қызықты ойын арқылы ақынның тағылымды да өнегелі мол мұрасын таныстыру мақсатында «Жыр падишасы — Фариза» атты квест ойынын өткізді.
Бүгінгі таңда кітапхана ұжымы өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа нысандары мен әдістерін жүзеге асыруда. Квест — бұл шығармашылық және қызықты ойынның жаңа түрі, онда қатысушылар өздерін көрсетуге және командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік алады. Бірнеше аялдамадан тұратын ойын барысында түрлі тапсырмалар жасырылған, бір аялдаманы еңсерген ойыншылар, келесі кедергіні шешуге мәжбүр. Солайша қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойында қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы турасында қызықты деректермен танысты. Қызықты ойынды тамашалауға келген көрермендермен түрлі ойындар ойнатылып, поэзия оқылды.
Әр команда өздерінің білімі, шапшаңдығы, тапқырлығы жағынан бір-бірінен қалыспады. Солай, ІІІ-ші орынды «Жастар» командасы, ІІ-ші орынды «Жамбыл», І-ші орынды «Ви ай пи» командасы иеленді.
Ойын соңында жеңімпаз атанған командаларға кітапхана тарапынан әзірленген Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ал, аталған лагерьінің директорының орынбасары Әміре Нуриля Абылайқызы квест турасында сөз алып, ойынға жоғарғы баға берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.