Меркіліктер "Таза Қазақстан" акциясын жалғастырды | arainews.kz

Меркіліктер “Таза Қазақстан” акциясын жалғастырды

536

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты республикалық экологиялық акциясының аясында, Меркі ауданында 10 шілде күні аудан орталығы Меркі ауылы, орталық Ә.Ысмиайылов көшесінің бойында орналасқан Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған «Даңқ қорғаны» ескерткішінің айналасына санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстарына Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен ауыл жастары, қоғамдық қызметкерлер барлығы 20 адам қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы Меркі ауданында да қызу қолдау тауып, күн сайын тиісті шаралар атқарылуда. Бұл ретте біз акция аясында күнделікті округ аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеміз. Бүгін міне, «Данқ қорғаны» ескерткішінің айналасында келесі сенбілік жұмыстарын жасадық. Осынау игі акция аясында ескерткіштің айналасын тазалау – бұл сонау соғыста ел үшін құрбан болған ардгерлерімізге көрсетілген құрмет деп білеміз. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясы жыл бойы жалғасуы тиістігін айтқан болатын. Соған сәйкес, біз тұрақты түрде осындай сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, туған өлкемізді таза ұстауды үнемі бақылауда ұстаймыз және осындай игі бастамаларды жалғастыруға жастарды үндейтін боламыз – дейді Меркі ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тасан Дуанабаев.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.