Жамбыл облысында кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған «Ашық есік күні» өтті | arainews.kz

Жамбыл облысында кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған «Ашық есік күні» өтті

305

2024 жылдың 09 шілдесінде «Атамекен» ҰҚП  алаңында облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлының төрағалығымен кəсіпкерлер мен инвесторлардың сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өтті.

Аталған іс-шарада кәсіпкерлік палатасы, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты.

Кездесу барысында  салық заңнамасы, аграрлық қаржыландыру және тасымалдаушыларды субсидиялау мәселелері көтерілді.

Барлық мәселелер бойынша жауапты органдар бекітіліп, оларды шешу  жолдары ұсынылды.

Жалпы прокуратура органдарының атсалысуымен есепті мерзімде 14 инвестордың проблемалық мәселелері қаралды.

Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден рұқсат алу, инфрақұрылым нысандарын жүргізу, жер беру мәселелері және басқада сұрақтар шешілді.

Сонымен қатар, жиналыстың қорытындысымен  кәсіпкерлердің бірыңғай проблемаларын қалыптастыратын реестрді жүргізу туралы шешім қабылданды.

 Жамбыл облысының прокуратурасы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.