Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеге барып, онда жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.
Сотталғандарды қабылдаған Нұрғалым Мәжитұлы түсіндірме жұмысын жүргізіп, заңдылықты түсіндірді.
Сонымен қатар облыс прокуроры жазасын өтеушілердің қолөнер бұйымдары қойылған көрмені тамашалап, мекеме жұмысына оң бағасын берді.