«Мен сол кезді аңсаймын» | arainews.kz

«Мен сол кезді аңсаймын»

81
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың мерейтойына орай «Қар астындағы жауқазын»  туындысының аудио үнтаспасы мен қатар нүктелі-бедерлі Брайль қарпіндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімін өткізді.
«Мен сол кезді аңсаймын» деп аталатын әдеби кеште ақынның танымал «Мені ойлап қам жемеші, мама» атты әніне заманауи үлгідегі көлеңкелі көрініс көрермендер назарына ұсынылып, ақынның таңдаулы өлеңдерінен поэзиялық композиция көрсетілді.
Әдеби шара барысында зиялы қоғам өкілдері, жергілікті қаламгерлер, әріптестері мен оқырмандар «Ақынға 100 сұрақ» форматында түрлі көкейкесті сауалдарын қою арқылы қаламгерді жан-жақты қырынан тануға мүмкіндік алды. Ұлттық ұстаным, өлең құдыреті жайлы айтылған рухани кездесу еркін форматта өткізілді.
Гүлзада ҚЫРЫҚБАЕВА,
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және
әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.