«Қамал» арнайы жоспары бойынша оқу-жаттығу өткізілді | arainews.kz

«Қамал» арнайы жоспары бойынша оқу-жаттығу өткізілді

149

Түзеу мекемелері – сотталғандарды тәулік бойы бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын маңызды нысандардың бірі. Оның және ондағы қызметкерлердің түрлі төтенше жағдайларға кез келген уақытта дайын болуы аса маңызды.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекеменің жеке құрамымен «Қамал» арнайы жоспары бойынша оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Оның аясында мекеме қызметкерлеріне арнайы сигнал енгізу кезінде қалай әрекет ету керектігін (бекеттерді орналастыру, тойтарыс беру кезінде әрекет ету, төтенше жағдай кезінде жүру жолдары) түсіндірілді және нақты көрсетілді. Жаттығу ҚАЖ қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде әрекет ету жолдарын үйрету және алдын ала пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.