Партия облыстық филиалы жанынан Әйелдер қанаты құрылды | arainews.kz

Партия облыстық филиалы жанынан Әйелдер қанаты құрылды

47

Әйелдердің гендерлік теңдігін, өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне араласуына бағыттау мақсатында  «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылып отыр. Бүгін партия облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әйелдер активі отырысы өтті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова «ZOOM» платформасы арқылы қатысты. Ал, облыс әкімінің кеңесшісі Берік Бегалиев және өңірдегі саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдарда табысты қызмет етіп келе жатқан нәзікжандылар жиынның бел ортасынан табылды.

Жиында алғаш болып сөз тізгіндеген «AMANAT»партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партияның Сайлауалды бағдарламасында демографиялық өсім мен балаларға барынша жағдай жасау – басты міндет болып көрсетілгенін жеткізді.

– Өздеріңізге белгілі «AMANAT» партиясы әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруды қолдайды. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 54 мыңнан астам партия мүшесінің 69,5 пайызы немесе38 мыңға жуығы әйелдер. 266 бастауыш партия ұйымының 149-на әйел азаматтар (56%) жетекшілік етеді.

Ал облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда   207 мандат болса, оның 39-і немесе 18,8 пайызы әйелдер.Бұлар тек басшылар, кәсіпкерлер ғана емес, ел өміріне белсене араласып жүрген әйелдер, аналар, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Басқосуда нәзік жандылардың мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мәселесін жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, партия облыстық филиалы СаясиКеңесіБюросыныңқаулысынасәйкес, Жамбыл облыстық филиалы жанындағыәйелдерқанатыныңкеңесшілауазымына «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, кәсіпкер Айман Ашимова ұсынылып, бекітілді.

Шарада сөз тізгіндеген Гүлдара Алданышқызы Әйелдер қанатының 10 түрлі басым бағыттарына кеңінен тоқталып, алда атқарылатын жұмыстардың барысын айқындап берді. Ал, облыс әкімінің кеңесшісі Берік Бегалиев жиынның маңыздылығына тоқталып, өңірде әйелдерді қолдау бағытындағы мазмұнды бастамаларды тілге тиек етті.

Сонымен қатар, «Анаға тағзым» орталығының директорыЭльмира Мырза-Ғали өзі басқаратын мекеменің жұмыс барысын сөз етіп, жыл соңына дейін аудандарда 4 әйелдерді қолдау орталықтары ашылатынын жеткізді. Айта кетерлігі, бұл бастамалардың басында «AMANAT» партиясының тұрғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Зарина Қуатова «Томирис» жобасының мән-маңыздылығын ерекше атап өтіп, қыз-келіншектерді аталған бастамаға қатысуға шақырды.

Тағы бір Тараз қалалық мәслихатының депутаты Айгерім Дәулетбаева партияның «Кедергісіз келешек» жобасы ерекше қажеттілігі бар жандарды қоғамға бейімдеуге сүбелі үлес қосып келе жатқанын жеткізді. Сол секілді «Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушысы Айгерім Қазбекова жобаның нәтижесін көргенін атап өтті. Атап айтқанда, партияның осы бастамасы арқылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, шағын кәсібін бастап кеткен.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.