Ұлық мейрамды атап өтті | arainews.kz

Ұлық мейрамды атап өтті

60

25 қазан – Республика күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты жиын өтті. Шараға аталған департаменттің басшы және жеке құрам қызметкерлері, сала ардагерлері мен ата-аналар қатысты. Жиында департамент бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов әріптестерін ұлттық мереке күнімен құттықтады.

Бұл күн еліміздің тарихында айрықша орын алары ақиқат. Себебі, дәл осы күні халқымыздың мемлекет ретінде қалыптасуына бастау болған Егемендік туралы декларация қабылданды. Еліміз дербес мемлекет ретінде дүниежүзіне таныла бастады. Ал, бүгінгі әділетті Қазақстанның парасатты ұрпақтары жауапты кезеңде тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін. Баршаңызды елдігіміздің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, — деді Жәнібек Жамалбекұлы.

Бұдан кейін, ҚАЖ саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, департамент бастығы Жәнібек Қосжанов бас-аяғы 67 қызметкер мен 7 ата-анаға тиесілі марапаттарын табыс етті. Салтанатты шара соңы өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.