Қоғамдық кеңестердің жұмысынан нәтиже мен сапа күтіледі | arainews.kz

Қоғамдық кеңестердің жұмысынан нәтиже мен сапа күтіледі

4 756

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауындағы жарқын жеңісінен соң «Nur Otan» партиясының негізгі жұмыс бағыты партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру сипатында өрбіді. Кандидаттар мен сайлаушылардың кездесулерінде көтерілген өзекті мәселелерді шешу жолдарын қамтитын бағдарлама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында жаңа табыстарымызды бен межелі міндеттеріміздің кешенді жоспарына айналды деуге болады. Ендігі кезекте өңірді, жекелеген аймақтарды дамытудың нақты стратегиялық құжатына баланған бағдарламаны іске асыруға партия облыстық филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңестер бақылау жүргізеді. Мұндағы 9 кеңес партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудан туған міндеттер негізінде жаңадан құрылған.

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысумен өткен Саяси кеңесі Бюросының отырысында барлық қоғамдық кеңестің құрамы мен басшылары бекітілді.

Партия облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің 127 мүшесі бар. Кеңес мүшелерінің сандық-сапалық құрамына тоқталатын болсақ, олардың 39 пайызы әйелдер болса, 21 пайызы 35 жасқа дейінгі жастардан жасақталды.

Кеңестерді жасақтаудағы ең басты жаңашылдық ретінде мүшелікке үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін және азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуды айтуға болады. Қоғамдық кеңестер партия мен мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасау, пікір алмасудың алаңына айналып келеді. Сондықтан да партия жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелігіне азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тарту принципін қоғамдық кеңестердің жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз етудің алғышарты деп тануымыз қажет. Кеңестердің мүшелерінің ішінде аталған санатқа жататын тұлғалардың үлесі   26 пайызға тең.

Сондай-ақ кеңестердің 19 мүшесі ішкіпартиялық праймериз қатысушысы болса, 11 мүше партия резервінен іріктелді. Кеңес құрамдарын партияның облыстық мәслихаттағы депуттық фракция мүшелері де толықтырғанын атап өту керек.

Ең бастысы қоғамдық кеңес мүшелігіне жекелеген салалардағы мәселелермен жете таныс кәсіби мамандар тартылғанын ескерсек, олардың жұмысында сапа мен нәтижеге иек артуға болады.

Дауыл Бейсенқұлов,

«Nur Otan» партиясы облыстық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.