Мекеме аумағы дезинфекцияланды

8

Шартарапты алаңдатқан алып індет коронавирус күн санап өршуі сақтық шараларын күшейтуді талап етеді. Мұндайда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» — деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелерінде сақтық шаралары күшейтілген.

Осыған байланысты, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты барлық мекемелерде аурудың алдын алу шаралары қолға алынған. ЖД-158/2 мекемесінде арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстар барысында ішкі аймағына және сыртқы кабинеттердің аумақтары залалсыздандырылды. Осылайша, ЖД-158/2 мекемесі қауіпті дерттің таралуын алдын алуға барынша жағдай жасауда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.