Жуалы ауданында Көлбастау, Нұрлыкент ауылдарының әкімдігі «сервистік әкімдікке» көшті | arainews.kz

Жуалы ауданында Көлбастау, Нұрлыкент ауылдарының әкімдігі «сервистік әкімдікке» көшті

366

«Халықтық заңгер» акциясының Жуалы ауданындағы іссапарында департамент пен жоба қызметкерлері Көлбастау және Нұрлыкент ауылдары әкімдіктерінің «сервистік әкімдік» болып жаңа форматта ашылуына қатысты.
«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында ашылған «сервистік әкімдікте» енді ауыл тұрғындары ауылшаруашылығы, әскери инспекция т.б мамандардан бір жерден қызмет түрін ала алады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.