Сауапты іске жұмылды | arainews.kz

Сауапты іске жұмылды

2 430

Қараша айының алғашқы аптасын Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қайырымдылық акциясымен бастауды жөн көрді. Сақшылар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға сондай-ақ мектеп оқушыларына көмек қолын созды.
Аталған мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева бастаған сақшылар бұл күні жүрек жылуымен, ізгі тілектерімен және сыйлықтарымен Тараз қалалық әкімдігіне қарасты Құмшағал ауылдық округінің Шөлдала ауылындағы мектепке жол тартты.
Білім ошағындағы 3 бүлдіршінге қажетті қыстық киім, азық-түлік апарып ізгіліктің игі өнегесін паш етті.

Бұдан кейін, жеке құрам қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізім бойынша бірқатар жанұяға арнайы барып, қайырымдылық көмек көрсетті.

— Бұл біздің болашағымыз балалар үшін жасай алатын аз ғана көмегіміз. Олардың көздерінен алғыс пен мейірімділікті көру біз үшін үлкен бақыт әрі зор мәртебе, — деді көмек көрсету барысында А.Танашева.

Өз кезегінде сақшылардың жәрдемін көрген отбасы иелері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, мекеме қызметкерлері алдағы уақытта да әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол үшін беру акцияларын жалғастыруды көздеп отыр.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.