«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы туралы әкім алдында есеп берілді | arainews.kz

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы туралы әкім алдында есеп берілді

886

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсе – өз жұмысын өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасап келеді.
Жобалық кеңсе басшысы Қ.Меклисов, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бір орынға шоғырландыру арқылы олардың мерзімдерін едәуір қысқартуға, сондай-ақ, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, сергелдеңге салдырмау мақсатында облыста 3 «Сервистік әкімдік» орталықтары, 16 фронт офистер және 31 бірінші басшылардың «Open space» форматтағы кеңселерге көшкендігін хабардар етті.
Сонымен қатар, мемлекеттік органның бірінші басшыларының қоғам алдында барынша ашықтығын көрсету және азаматтармен кері байланыс орнату мақсатында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде 17 қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, қазіргі таңда «Халықтық заңгер» акциясы аясында Жамбыл, Байзақ, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында қоғамдық қабылдаулар өтікізілгендігі жайлы баяндалды.
Қоғамдық бақылау бағыты назардан тыс қалмай, жоғарғы оқу орындарының емтихандарын өткізу процесіне, магистратураға түсу барысында, жол саласындағы бақылаулар жөнінде де айтылды.
Ал жастар бойында әділдік пен парасаттылықты қалыптастыру мақсатында білім басқармасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп аталған бағытта жұмыстар қарқынды жүріп жатқандығын айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссия отырысы барысында Қ.Меклисов келесі мәселелер бойынша ықпал етуді сұрады:
— Ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аудандарда толығымен «Сервистік әкімдік» орталығын ашуды;
— Transparency International ұйымының денсаулық сақтау саласында жемқорлық жиі кездеседі деген қорытындысы негізінде, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылау және мониторингпен кіруге қолдау көрсету.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.