Дәстүрлі жазғы спартакиада ойындары өтті | arainews.kz

Дәстүрлі жазғы спартакиада ойындары өтті

181

Сотталғандардың түзелу жолына түсуіне қол жеткізуге ықпал ететін салауатты өмір салтына ынталандыру мен дамыту, моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мен демеу мақсатында және «ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында жыл сайынғы жазғы спартакиаданы өткізу Ережесіне» сәйкес, ЖД-158/2 мекемесінде 2019 жылдың 21 маусым күні сотталғандар арасында жазғы спартакиада алдын-ала ұйымдастырылған дайындық жұмыстарына сай Үкіметті емес ұйым (НПО) өкілі, Жамбыл облысы бойынша спорт басқармасының спортшыларының қатысуымен және ҚАЖД қызметкерімен бірлесе өткізілді. Жазғы спартакиаданың комиссия құрамы мен қазылар алқасы бекітілді.

Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында жазғы спартакиада спорттың төрт түрінен өткізіліп, іс-шараларға белсене қатысқаны үшін мына төмендегі сотталғандарға «кубокпен» және дипломмен марапаталды:
«ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында жыл сайынғы жазғы спартакиаданы өткізу ережесі» барлық сотталғандарға жеткізіліп, таныстырылды. Жарысқа қатысатын сотталғандар дәрігерлік тексеруден өткізілді.
Ұйымдастырылып өткізілген спартакиада қорытындысы бойынша әр спорт түрінің жеңімпаздары мен ең үздік командалары анықталды:
Гір тасын көтеру жарысында:
1.Ишанкулов 1-ші орынға иеленді
2.Ахметов 2-ші орынға иеленді
1.Карабала және Кенжебаев 3-ші орынға иеленді
Қол күрес жарысында:
1.Ишанкулов 1-ші орынға иеленді
2.Абдыкалыков 2-ші орынға иеленді
1.Ходжабаев Тимур Сабитович 3-ші орынға иеленді
Топтық ұйымдастырылған ойындарда жеңіске жеткен командалары дипломмен марапатталды:
1. футбол жарысынан №2 жасақ 1-ші орынға иеленді
2. футбол жарысынан №5 жасақ 2-ші орынға иеленді
3. футбол жарысынан «Жасөспірім балалар үйі» командасы 3-ші орынға иеленді.
4. Арқан тарту жарысынан №3 жасақ «Сұңқар» командасы 1-ші орынды иеленді
5. Арқан тарту жарысынан №5 жасақ «Бүркіт» командасы 2-ші орынды иеленді
6. Арқан тарту жарысынан №7 жасақ «Барыс» командасы 3-ші орынды иеленді
Жеңіске жеткен жеңімпаздар мен командаларды марапаттау шарасы өткізілді, барлық жеңімпаздар мен командаларға мекеме бастығының бұйрығымен марапатау дайындалу үстінде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.