Әулиеата әкімдерінің арасында Әбдірайымовтың әлеуеті жоғары | arainews.kz

Әулиеата әкімдерінің арасында Әбдірайымовтың әлеуеті жоғары

348

Осыған дейін сайтымызда 6-шы және 9-шы айдың қорытындысы бойынша әкімдердің рейтингісі жарық көрген болатын. Ендігі кезекте бір жылдық бекітілген нысаналы индикатордың орындалмауы және қоғамдық-саяси жаңалықтардан жасалынған болатын. Рейтингті төменнен жоғары қарай баяндаймыз.

11 орын. Тұрар Рысқұлов ауданының экс – әкімі Асқар Қырықбаев. Ауданда шошқа саны 51,6%-ға азайды. Қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 адамға шаққанда) 2490,1-ден 2724,0-ге дейін, туберкулезбен аурушаңдық – 40,0-ден 46,6-ға дейін, жаңадан пайда болған қатерлі ісік алғаш сырқаттанушылық – 31,1-ден 34,1-ге дейін өсті. Жол-көлік оқиғалары 8,4%-ға өсті (2017 ж.-83 жағдай, 2018 ж.-90 жағдай), оның ішінде жарақаттанғандар – 2,2%-ға өскен (017 ж.- 136 жағдай, 2018 ж.- 139 жағдай). Соңғы орынға орын тебуі аудан әкімдік қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның таратқан ақпараты болып отыр. Ел ішінде Қырықбаев «парамен ұсталыпты» деген қауесет сөз тарады. Сайтымызда «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің қызметкерлерінен үстінен қылмыстық іс жүргізілуде» атты мақала жарық көрген болатын. Бұл мәселенің шындығы сотта айтылады деп сенеміз.

10 орын. Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,8%-ға төмендеген. Түйе саны 28,4%-ға азайған. Көтерме сауда айналымының көлемі 2405,7 млн. теңгені құрап, 9,9%-ға төмендеді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,7%-ға төмендеген. Қант диабеті аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) – 175,4-тен 192,5-ке дейін өсті. Нәресте өлімі – 6,5-тен 7,8-ге дейін артты. Ауданда «Сыпатай батыр» ЖШС басшысы Қ.Шайхиевпен бір топ жер иеленушілердін дауы әлі шешімін таппады. Әкімнің алдындағы басшысы осы дау үшін кетті деседі.

9 орын. Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле. Ауданда ешкі саны 13,1%-ға азайған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9%-ға төмендеген. Пайдалануға берілген тұрғын-үй көлемі 41,4%-ға төмендеген. Қант диабеті аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) 195,4-тен 202,6-,ға дейін, психикалық бұзылу аурушаңдығы 25,3-тен 36,3-ке дейін өсті. Нәресте өлімі – 4,9-дан 5,8-ге дейін артты. Аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша куәгер болып өзінің теріс әрекеттерін әшкере қылмау үшін осындай әрекетке барды дейді мыс.

8 орын. Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев. Облыс әкімінің экс – орынбасары Қант диабеті аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) – 88,4-тен 109,9-ға дейін, алғаш сырқаттанушылық жаңадан пайда болған қатерлі ісік ауруларымен 106,7-ден 128,3-ке дейін өсті. Нәрсете өлімі – 1,9-дан 9,9-ға дейін артты. Жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 50%-ға өсті ( 2017 ж.- 6 жағдай, 2018 ж.- 9 жағдай). Ауданға келе салып кадрлық ауыс – түйістерден бастаған ескі де жаңа әкім «обоймадан» шығып кеткен Амангелді Нәметқұловты аппарат басшысы қылып, өзіне ұнай қоймаған Ақсана Қалыбаеваны орынынан босатып, кеңсе бөлімінен Жанар Несипбаеваны әкеліп қойды. Ішкі саясатта бірде-бір күн істеп көрмеген, кіріс пен шығыстан көз ашпайтын бөлімнен әкеліп қоя салғаны қызық.

 7 орын. Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаев. Ауданда қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 адамға шаққанда) 2190,8-ден 4552,2-ге дейін, психикалық бұзылу аурушаңдығы 34,2-ден 38,6-ға дейін артты. Жол-көлік оқиғалары 58,8%-ға артты (2017 ж.-17 жағдай, 2018 ж.-27 жағдай), оның ішінде жарақаттанғандар — 50,0%-ға өскен (2017 ж.- 40 жағдай, 2018ж.-60 жағдай). Ауданда екі дау болды. Біріншісі еңбек кодексін бұздың деп өзінің бұрынғы орынбасары Динара Асанованы орнынан алып тастағандығы сотта қаралған болатын. Екінші мәселе, аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысының жүйесіздігі, үлкен үйге осы мәселеге қатысты бір рет емес, бірнеше рет арыз шағым түскен болатын.
6 орын. Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиев. Ауданда жұмыртқа өндірісі 22%-ға төмендеді. Ешкі саны 11,7%-ға азайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 32,4%-ға төмендеді. Қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) 2584,4-тен 2604,8-ге дейін, жаңадан пайда болған қатерлі ісік алғаш сырқаттанушылық – 111,8-ден 131,1-ге ейін, наркологиялық ауруға шалдыққандар – 71,5-тен 83,7-ге дейін, психикалық бұзылу аурушаңдығы – 25,7-ден 27,3-ке дейін артты. Аудандық білім бөлімнің ұстаздардың алдында 90 миллион теңге көлемінде кредиттік қарыз пайда болған. Бұл туралы Күлшат Қожатаева біздің сұрауға төмендегідей жауап берді: «Түрлі салықтар және 19 миллион айлық жалақы, 39 миллион іс-сапар шығындарын құрап отыр» деп мәлім етті.

5 орын. Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев орналасты. Ауданда көтерме сауда айналымының көлемі 6198,6 млн. теңгені құрап, 47,9-%-ға төмендеді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10,6%-ға, жол-көлік оқиғалары 12,3%-ға өсті (2017 ж.-114 жағдай, 2018 ж.-128 жағдай), оның ішінде жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 6,7-%-ға өсті (2017 ж.-15 жағдай, 2018 ж.-16 жағдай), жарақаттанғандар – 5,9 %-ға өскен (2017 ж.- 188 жағдай, 2018 ж.- 199 жағдай). Наркологиялық ауруға шалдыққандар (100 мың адамға шаққанда) – 41,9-дан 51,5-ке дейін артты. Шу қаласының тазалығы бойынша әлі де сұрақтар өте көп.

4 орын. Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов. Қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 адамға шаққанда) 2840,4-тен 3556,2-ге дейін артты. Жол-көлік оқиғалары 32,7%-ға артты (2017 ж. – 52 жағдай, 2018 ж.- 69 жағдай), оның ішінде жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар – 1,8 есеге ( 2017 ж. – 5 жағдай, 2018 ж. – 14 жағдай), жарақаттанғандар 42,4%-ға (2017 ж. – 99 жағдай, 2018 ж. – 141 жағдай) артты. Ал, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінде 77 млн теңге қарыз бары анықталды. Бұл қарыз туралы Мәжит Айжанов «Кезінде мұғалімдер көп оқуға кетті. Қазір қарызымызды өтеп қойдық» деді.

3 орын. Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев. Жұмыртқа өсіріп өндіретін зауыты бола тұра, өндірісі 64,6%-ға төмендеген. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,3%-ға төмендеген. 100,0 мың адамға шаққандағы алғаш сырқаттанушылық жағдайдан пайда болған қатерлі ісік ауруларымен 118,0-ден 123,3-ке дейін, наркологиялық ауруға шалдыққандар 132,6-дан 148,1-ға дейін , психикалық бұзылу аурушаңдығы 13,7-ден 22,9-ға дейін өскен. Жол-көлік оқиғалары 11,9%-ға артты (2017 ж. – 109 жағдай, 2018 ж. — 122 жағдай), оның ішінде жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 41,2%-ға ( 2017 ж. – 17 жағдай, 2018 ж. – 24 жағдай өскен).

2 орын. Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов. Нәресте өлімі – 5,5-тен 6,7-ге дейін артқан. Наркологиялық ауруға шалдыққандар саны (100 мың адамға шаққанда) 147,9-дан 152,9-ға дейін артты.

1 орын. Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жайғасты. Қалада қой саны 30,7-%-ға , ешкі 3,6-%-ға, шошқа 16,9-%-ға азайды. Қаланың түрленгені барша тұрғын куә болды. Жаңадан пайдалануға берілген жағалау, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы, Қайрат Рысқұлбеков саябағы секілді көптеген нысандар бой көтерді.

Жылдың қорытындысы осындай болды. Алда жаңа рейтинг бағалауын жүргізіп, 6,9 айлық және жылдық қорытындыларды тұрақты жариялайтын боламыз.

turaninfo.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.