Тараздық кәсіпкер «дәретханаландыру» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр | arainews.kz

Тараздық кәсіпкер «дәретханаландыру» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр

202

Қазақстандағы 5700-ге жуық мектептің дәретханасы далада орналасқан. БҰҰ осындай дерек келтіреді. Осы орайда кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев «дәретханаландыру» бағдарламасын қолға алуды  ұсынып отыр. Ұлы сөздің ұяты жоқ. Біздегі әжетханалардың жайы мәз емес. Елімізде осынау мәселе өзектілігін жоя ма? Ұсыныс құпталса ахуал қалай өзгереді?

Қазақстандағы ауыл-аймақтарда өркениет толық орнай қойған жоқ. Бір ғана мысал, Жамбыл облысында қазір 446 мектеп бар. Оның 285-інің дәретханасы далада орналасқан. Облыстық білім басқармасының дерегі осындай. Тараздың өзінде 6 мектептің оқушылары сыртқа баруға мәжбүр.

Гүлжан Құдайбергенова, Тараз қаласының тұрғыны:

— Балалар мектепте сабақта отырады, терлейді. Далаға шығады суық ұстап қалады. Санитарлық нормаға кейбіреулері  сәйкес келмей жатады даладағы әжетханалар. Сол үшін мектептің ішінде болғанын дұрыс деп ойлаймыз ата-аналар барлығымыз сондай пікірдеміз.

Ата-ананың алаңдауы орынды. Ал кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев елде «Дәретханаландыру» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның пайымынша, дәретханаларды тізіп қою мақсат емес, бастысы ондағы қызмет көрсету деңгейін жолға қою керек.

Марғұлан Сейсембаев, кәсіпкер:

— Шетелге барып, бұл сұрақты зерттеп, келдім. Желтоқсан айында Белград қаласына барып, арнайы үлкен зауытына барып келдім. Мәселе дәретхананы орнату емес, мәселе қызмет көрсетуінде. Жеке меншік фирмалар қарайды. Ол үшін үкімет ақшасын төлейді. Жалпы дәретханалар жүйесі еліміздегі инфрақұрылымның бір бөлігі болып есептелуі керек. Ұлы сөздің ұяты жоқ. Кей әлеуметтік нысандарде әлеумет әлеуеті ескерілмей жатады. Дәретханаларға кіру тұрмақ, жанынан жүріп өту мұң. Десе де, кәсіпкер ұсынысынан билік хабардар. Бастысы, қоғамның көзқарасы оң.

Марғұлан Сейсембаев, кәсіпкер:

— Баланың, адамның сана-сезімі, өзін өзі сыйлауы ауылдағы дәретханадан басталады. Өркениеттің елдің не қоғамның деңгейі әлсіз мүшелеріне көзқарасымен өлшенеді. Балаларға, ауруханаға, жолаушыларға көзқарасы. Сондықтан дәретхана проблемасын шешсек, ол қолымызда тұрған нәрсе. Иә, мәселе өзекті. Бүгінде туристік нысандарда, тіпті жол бойында халыққа қызмет көрсететін дәретханалар жетіспей жатады. Барының сиқы көпшілікке аян. Ал туризмі түлеп, күннен күнге көркейіп келе жатқан Түркістан шаһарында меймандар үшін маңызды саналатын басты қағидаларға ерекше мән беріледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында саяхатшылар мен зияратшыларға арналған қоғамдық дәретхана жұмыс істейді. Барлық бөлмелері таза, әрі санитарлық талаптарға сай.

Нұрлан Зайдулла, «Әзірет сұлтан» қорық-музейінің бөлім басшысы:

— Бұл жерде өзіміздің екі қызметкеріміз жұмыс істейді. Ішіндегі жағдайды көрдіңіздер, толық күрделі жөндеуден өткізіп, барлық мүмкіншілік жасалған. Келушілер мен зияратшылардан ешқандай ескерту жоқ. Жалпы біздің «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты «Укаш ата», «Гауһар ана» деген киелі жерлеріміз бар. 2017 жылы өз қаржы есебімізден ол жерлерге де дәретхана орнаттық. Ал еліміздің жүрегі Астана көшелеріндегі дәретханалар жайлы айту артық. Көру керек.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

Айтпақшы, өткен жылы сарапшылар әлемдегі үздік дәретханаларды анықтаған болатын. Дизайн, орналасқан орны, тіпті халыққа қолайлығына қарай швейцария мейрамханасының әжетханасы көш бастаған. Елдегі жағдай әзірге осындай. Көңілдегі үміт осылай дейді. Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ержан Рахманбердиев, Наурыз Базаров

 24.kz  

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.