5500 брошюра таратылып, 300 ескертпе плакат ілінді | arainews.kz

5500 брошюра таратылып, 300 ескертпе плакат ілінді

280

Т.Рысқұлов ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан орталығында және ауылдық округтерде Covid-19 індетінен сақтану туралы 1500-ге жуық флаер таратылды.

Елімізде жұқпалы індет кең етек жайған кезеңнен бастап аудан жастары көптеген жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе олардың тұрғындарға аурудың алдын алу, қауіпсіздік шараларын түсіндіру бағытындағы еңбектері ұшан-теңіз. Жамбыл облысы аумағында індет жұқтырушылар саны көбеюіне байланысты барлық ауылдарда сақтық шаралары күшейтіліп, халыққа түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Сейсенбі күні аудан жастары аудан орталығы мен шалғай ауылдық округтерде халық көп шоғырланған жерлерде волонтерлар күнделікті ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Есепті кезеңде қоғамдық орындарда тазалық сақтау, дезинфекция жасау нұсқаулығы жазылған 5500 дана брошюра таратылып, 300 нысанға ескертпе плакаттары ілінді.

Алдымен аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық орталық базарда, азық-түлік дүкендерінде, қоғамдық көліктер мен аялдамаларда тұрған жолаушыларға, жалпы аудан тұрғындарына ұсынды.

Басты мақсат – адам көп шоғырланатын орындарда тазалық жұмыстарын жиі жүргізуді ұйымдастыру, меншік иелеріне індеттің қаупі жоғары екенін түсіндіру. Себебі тұрғындар әлі де болса тазалық шараларына бейжай қарап, мән бермей отыр. Сақтық шараларын жиі жасау арқылы індеттің таралуына тосқауыл қою қажет.

Бұл бастама әлі де өз жалғасын табады.

«Үш нәрсенің алдын ал: аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта қозған даудың алдын ал» деп бекерге айтпаған. Сондықтан бұл індетке бірлесіп қарсы тұру – ортақ міндет!

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.