5 азаматтың жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталды | arainews.kz

5 азаматтың жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталды

167

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты қалалық пробация қызметтерінде «Пробация» атты облыстық профилактикалық іс-шара өтті. Шара барысында пробация қызметкерлері бір апта ішінде есепте тұрған 5 азаматтың сот үкімімен жүктелген міндеттерін және жаза өтеу талаптарын бұзғандығын анықтады.

Аталған шарада Тараз қалалық пробация бөлімдерінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың мекен-жайларын тексерді. Олардың тұрмыс жағдайымен танысып, қайта қылмысқа бармау жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы бұл шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу. Олардың тұрғылықты мекен-жайына тексеру жүргізіп, кеңес өткізу. Бұдан бөлек, шартты түрде жазасын өтеушілердің белгілі бір шекарадан шығу-шықпауы, сотты болған адамның хабар бермей ел ішінде жүруі, сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық жасауы сынды жұмыстардың алдын-алу нәтижесіне талдау.

Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде есепте тұрған 5 азаматтың сот үкімімен жүктелген міндеттерін және жаза өтеу талаптарын бұзғандығын анықталды. Осыған орай, қалалық пробация қызметкерлері тарапынан Тараз қалалық №2 сотқа жазасын шартты түрде өтеу тағайындалған 1 сотталғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімін ұзарту және 1 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру туралы ұсыныстар жолданды.

Эльвира АЙТИМБЕТОВА,
Тараз қалалық №3 пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.