Дзюдодан Әділбай Дастанды еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті | arainews.kz

Дзюдодан Әділбай Дастанды еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті

12

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Әділбай Дастанды еске алуға арналған кіші жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық ашық турнирі өз мәресіне жетті.

Аталған жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова қатысып, бақ сынайтын жасөспірім спортшыларға ізгі тілегін білдірді.

Осымен екінші рет жалауы желбіреген додада кіші жасөспірімдер санатында 400-ге жуық спортшы өнер көрсетті.

Жалып жарыс жүлдесін ұлдар – 23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, 46 және +46 келі салмақта сарапқа салса, қыздар – 30, 33, 36 келіде өзара мықтыны анықтады.

Айта кетейік, Әділбай Дастанды еске алуға арналған кіші жасөспірімдер арасындағы дзюдодан облыстық ашық турнирге Түркістан облысы Түлкібас ауданының құрамасы, Мойынқұм, Шу, Қордай, Меркі, Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Сарысу және Талас ауданы, сонымен қатар Тараз қаласының спортшылары қатысқан болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.