Жамбылдық 50 оқушы Астанаға аттанды

Жамбылдық 50 оқушы «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік жобасы аясында Астана қаласымен танысып, көрікті жерлерін тамашалау мақсатында елордаға аттанды. 

Астаны қаласының әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан атылмыш жоба облысымыздың дарынды оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге арнайы ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, шараға саңырау және құлағы нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернатының балалары қатысуда.

Осы орайда өз ойымен бөліскен републикалық «Жұлдыз-ай» фестивалінің қатысушысы Нұрсұлтан Қарбаз еліміздің бас қаласын тамашалау бақыты бұйырғанына қуанышты екенін жасырмады.

Астана қаласына барып, оның әсем де көрікті жерлерін аралайтыныма өте қуаныштымын. Бұл қалаға алғаш барғалы тұрмын. Бір шетінен қобалжу да бар. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Еліміздің бас қаласы – Астаның 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! – дейді балдырған.

Оқушылар үш күн бойы елордамыздың көрікті жерлерін аралайды. Олар арнайы безендірілген автобуспен Астананың тарихи нысандарын, көрнекті жерлерін аралайды.

Осы тұста шараның әлі де жалғасатынын айта кету керек. Келер аптада тағы 17 бала дәл осы акция бойынша Астанаға аттанады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.