Жұмысқа жауапты, жаңашыл жас маман | arainews.kz

Жұмысқа жауапты, жаңашыл жас маман

252

Ел ертеңі болып саналатын жастардың қоғамда алатын орны ерекше. Алғыр да, парасатты, білімді жастардың ел өміріне араласуы құптарлық іс.

Өз заманында ұлттың мүддесін ойлаған ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп, бекер айтпаса керек. Бүгінгі қоғамда егемен елдің жарқын болашағы іспетті дарынды қыз-жігіттер аз емес. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесіне жұмысқа орналасқан жас маман  Айымжан Сүгірбаева күрделі де қызықты қызметтің өресіне жету үшін еңбек етуде.

А. Сүгірбаева мекемеде 2019 жылдан бастап қызмет атқаруда. Айымжан Асқарқызы Тараз қаласының Жамбыл медициналық колледжінде медбике мамандығын алған. Жанұяда жалғыз қыз болғандықтан болмысы нәзік Айымжан түзеу мекемесіне сотталғандар арасында медициналық бөліміне медбике болып қызмет атқаруға бел буған.

Мекемедегі қызметі барысында жас маман өз ісіне жауапты, ізденімпаз қызметкер ретінде танылып үлгергне. Ұстазы әрі медицина бөлімінің бастығы, әділет капитаны Гүлшат Медетбекова – тәжірибелі дәрігер және өз ісінің шебер маманы.

«Адамның адамшылығы –жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданына мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.