Жолдаудан туындаған міндеттер түсіндірілді | arainews.kz

Жолдаудан туындаған міндеттер түсіндірілді

212

Меркі ауданында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған жиын өтті. Басқосуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Еркебаев, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдері мен мекеме басшылары, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, саяси партиялардың мүшелері, облыстық және аудандық ақпараттық топ мүшелері, жастар мен әртүрлі сала  өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғаш болып аудан әкімі Мейірхан Өмірбек баяндама жасады. Сонан соң Жолдаудың бөлімдері бойынша әр тармаққа жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті. Жолдауда жүктелген аудан көлемінде атқарылатын жұмыстар туралы лауазымды тұлғаларға тиісті тапсырмаларын берді.

Облыстық ақпараттық топты бастап келген Нұрлан Еркебаев та биылғы Жолдаудың негізі міндеттерін айта келіп, «Заман талабына сай тиімді мемлекет» бөліміне кеңінен тоқталды.

Келесі кезекте жарыссөзге шығып, баяндама жасаған №5 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының директоры Нүрила Қойшыманова, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Шойбек, аудандық корей этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Оксана Ли мемлекет басшысының Жолдауын халық үлкен қызығушылықпен қабыл алғанын жеткізіп, өздерінің салаларына қатысты Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша тұшымды ойларын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.