Жолаушы тасымалы тұрақты назарда болады | arainews.kz

Жолаушы тасымалы тұрақты назарда болады

174

Қазіргі таңда облыс тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамту ісі жоғары деңгейде жолға қойылған. Әсіресе шалғай елді мекен тұрғындарының аудан, облыс орталығына қатынауы мәселесіне айрықша мән берілуде.

Бұл орайда, облыс орталығында жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы сапаға айрықша мән берілгенін атап өткен жөн. Бүгінде Тараз қаласында 10 тасымалдаушы мекеме 42 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетіп жатыр. Олар өз тараптарынан қызмет сапасын көтеру мақсатында автобус паркітерін кезең-кезеңімен жаңартып тұрады. Өткен жылы қалалішілік маршруттардағы қызмет сапасын арттыру мақсатында 71 дана автобус сатып алынып жолаушыларға қызмет көрсетуді бастады. Ал биыл жыл соңына дейін тағы 50 жаңа автобусты сатып, маршруттарға қою жоспарланып отыр. Жаңа автобустар қаладағы шағын аудандармен шалғайдағы тұрғын алқаптарын орталықпен жалғайтын бағыттарға қойылмақ.

 Мұнан бөлек жаңа маршруттық бағыттарға ұдайы конкурстар ұйымдастырылып тұрады. Сәйкесінше конкурс жеңімпаздарының тұрғындар талабынан шығуын облыс әкімдігінің салалық басқармасы, Тараз қаласының әкімдігі мен тиісті уәкілетті органдар жіті назарында ұстайды. Нәтижесінде, қазіргі таңда облыстағы тұрғындарының саны 100-ден асатын 355 елді мекен болса, оның 338-і қоғамдық көлікпен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл қатарға тағы 3 елді мекен қосылмақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.