Жеке кәсіпкерлердің алғысы | arainews.kz

Жеке кәсіпкерлердің алғысы

183

Қызметтік міндетін мінсіз атқарып, қоғам тыныштығын күзетуге айрықша үлес қосқандар мәртебелі марапатқа қашанда ие болады. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Маржан Сағындықоваға түзеу мекемесінде жеке кәсіпкерлікпен айналысатындардың айтар алғысы шексіз.

Сөз жоқ, түзеу мекемесінде жұмыс істейтін сақшылар үшін қоғам тыныштығын қырағы қадағалау басты міндет. Көпшілігі бұл мамандыққа бала кезінен қызыққан. Маржан Уәлиханқызы 2007 жылы ішкі істер органының қызметкері болу мақсатында оқуға түн. Қазір оның бұл саладағы еңбек өтілі 12 жылға жуықтады. Бұған қоса ол таяуда ғана әділет майоры шенін иеленді.

Жалпы, қоғам тыныштығын күзетуге өлшеусіз үлес қосқан сақшылар үшін еңбегі көпшіліктің алғысын алу алу маңызды. Ал мекеме басшылығы Баукеңше айтсақ: «Командирдің парызы — солдаттардың қандай да бір болмасын іс-
әрекеттерін назарға алмай, ескерусіз қалдырмау. Егер солдат жақсы
ісімен көзге түссе — ол мадақталуға тиіс.
Командир солдаттың ерлігін, батылдығын бағалауға тиіс және алдағы
уақытта үкіметтік актіні — көзге түскендерді наградтауға документтерді
даярлауға барлық шараларды қабылдауға міндетті.»

ЖД-158/4 мекемесі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.