Жамбылдық жастар «OTANSHYL-2018» республикалық форумына қатысты

Ұлытау баурайында «OTANSHYL-2018» республикалық балалар мен жастарға арналған туристік форумы өткізілді. Іс-шара «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өтті.
Аталмыш форумға Республикамыздың барлық өңірлерінен 109 белсенді жастары, соның ішінде Жамбыл облысынан «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ББЖҰҚБ» төрайымы Айжан Алебаева, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының қосымша білім беру педагогы Медет Сиякулов , «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Қалижан Саркеев , «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ұйымының белсенді жасұландықтары Аслан Бұхарбаев және Камила Тажиева қатысты.
Қатысушылар «Жас турист» курсы, «Жас көшбасшы» атты семинар тренингтер мен шеберлік сағаттарға қатысып, Ұлытаудың киелі орындарына саяхаттады.
Форум соңында Жамбыл облысының қатысушылары үздік атанып, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың және ҚР қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Арынның Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.