Жамбылдық оқушылар «Абай оқуларынан» жүлдемен оралды | arainews.kz

Жамбылдық оқушылар «Абай оқуларынан» жүлдемен оралды

135

22-25 тамыз күндері аралығында Семей қаласында өткен ХІХ республикалық Абай оқуларына Жамбыл облысынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты.
Абай оқуларының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқауы бойынша қатысқан Меркі ауданы №14 орта мектептің 7 сынып оқушысы Құдайберген Жанель, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» байқауы бойынша қатысқан Т.Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аманбек Нұрболат және «Ұлылар әлемі» байқауы бойынша қатысқан Шу ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Рысбекова Анель ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, облысымыздың атын асқақтатып қайтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.