Жамбылда «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Жамбыл облысында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы басталды, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Тоғыз жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл да тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата¬аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеу-меттік көмек көрсетіледі. Биылғы акция 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өтедi.
Өткен жылы қайырымдылық шара шеңберінде 29411 балаға демеушілер тарапынан 221 млн. 360 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілсе, биыл көпбалалы отбасылар мен ерекше қолдауды қажет ететін 28307 балаға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.
Акцияға үлес қосамын деген жандар болса, облыс мектептеріне киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстай алады. Ал көмек алуға үмітті ата-ана¬лар мен балалар тізімі жергілік¬ті жер¬дегі мектептерде бекітіледі. Ба-ласының болашағына бейжай қарамайтын ата-ана мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдық аламын десе, сонда өтініш білдіруіне болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.