Жамбылда «Антитеррор» пилоттық жобасы жүзеге асуда

Жамбыл аудандық орталық ауруханасында «SOS медициналық жүйесі» жобасы жүзеге асуда. Аталмыш жоба науқастар мен қызметкерлерге арналған инновациялық қауіпсіздік технологияларын құруға бағытталған, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«SOS медициналық жүйесі» жобасының клиникалық бөлігі Жамбыл аудандық орталық ауруханасында 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жоба үш ғимаратты, бес түрлі ауданды қамтиды және шамамен 50 пациент дербес SOS білезіктерді пайдаланады. Жыл қорытындысы бойынша медицина бөлімшесі үшін бас дәрігердің орынбасарына бағдарламалық қамтамасыз етудің жеке кеңсесі арқылы 2503 шақыру тіркелді.
Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының 13.07.1999 ж. № 416 «Терроризмге қарсы тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191  «Терроризмге ұшыраған объектілерді антреррорлық оқу жүйесі бойынша риториканы бекіту туралы» қаулысы негізінде қолға алынған. Аталмыш жүйе террористік қатер төнген жағдайда жедел көмек шақыруға мүмкіндік береді. Тиісті түймені басқа сәтте аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші қызметіне хабар түсіп, тәртіп сақшылары әрекет етеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.