Жамбылда 300-ге жуық полицей қысқартылады | arainews.kz

Жамбылда 300-ге жуық полицей қысқартылады

274

Құқық қорғау органдарының жұмысы терең және сапалы өзгерістерді қажет ететіні Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілді.

Осыған орай, облыста Ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында департаменттің 300-ге жуық қызметкері (214 бірлік жергілікті бюджеттен, 84 бірлік республикалық бюджеттен қаржыландырылатын) қысқартылып, үнемдеген қаржы жалақыны арттыруға бағытталатын болады.

Бұл мақсатта полиция қызметкерлерін сервистік модельге көшіру бойынша Ішкі істер департаменті нақты жол картасын әзірлемек. Сондай-ақ, полиция қызметінде ең лайықты адамдарды іріктеу үшін қайта аттестациялау жүргізілетін болады.

Дереккөз: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.