Жамбыл облысында шегірткеге қарсы шаралар аяқталуға жақын

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары аяқталуға жақын, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  24.kz  сайтына сілтеме жасап.

Биыл зиянкестердің қанаты қатайып, егін мен жайылым жерді жалмап кетпес үшін қазынадан 588 миллион теңге бөлінген болатын. Қазір оның 85 пайызы игеріліп, 355 мың гектар жер химиялық өңдеуден өтті. Өңірде шегірткенің марокколық, италиялық және азиялық деп аталатын 3 түрі кездеседі. Бұл зиянкестердің өсімдік және егістік алқабына зияны орасан. Аумақтық инспекция мамандарының айтуынша, зиянкестерге қарсы күрес үйірлі шегірткелер көп шоғырланған төрт ауданда басталған. Оған 29 мың литр улы химикаттар сатып алынып, 9 ұшақ пен арнайы техника жұмылдырылды. Бүгінде маррокколық және италиялық шегірткелерді дәрілеу жұмыстары толық аяқталып, азиялық түрімен күрес жүргізіліп жатыр.

Нұрби Жігітеков, ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:

– Марокко шегірткесін сәуір мен мамыр айында, италиялық шегірткені мамырдың ортасында бастап, маусымда бітірдік.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.