Жамбыл облысында Қырғыз азаматтары мінген көлік апатқа ұшырады

Жамбыл облысында айналасы 4 күннің ішінде екі ірі жол апаты болып, содан алты адам қаза тапты. Өткен түнде Ақыртөбе ауылы маңында Минивэн жол жиегіндегі КамАЗ-ға соғылып, Қырғызстанның 4 азаматы сол жерде жан тапсырды. Түрлі дене жарақатын алған 13 адам ауруханаға түссе, хәлі ауыр екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Ал жүк көлігіне соғылған, ішінде 17 жолаушысы болған шағын автобус Қырғызстаннан Ресейге жол тартқан екен. Қордай ауданында да қайғылы жағдай болды. Мұнда «Мерседес-Бенстің» жүргізушісі тізгінге  ие бола алмай қарсы беттегі КамАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан жеңіл көліктегі екі жолаушы оқиға орнында ажал құшқан. 26 жастағы жүргізуші мен тағы екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың басына қатты зақым келген. Дегенмен, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.         Нұрлан Жақсынбаев, хирург: -Үш науқас түскен. Жарақат алған апаттан. Екеуі кешеден бастап күндізгі стационарға ауыстырылды. Біреуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

ktk.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.