Жамбыл облысында департаментке жаңа басшы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облыстық департаментінің жаңа басшылық қызметіне Әшірбаев Әділхан Ханымұлы тағайындалды, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Әшірбаев Әділхан Ханымұлы 1978 жылы туылған. ҚР ҰҚК академиясын тәмамдаған.

2014 жылға дейін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде түрлі қызмет атқарған.

2014-2016 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайдас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл БҚО департамент басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.

2016 жылдан бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы қызметінде болған.

Отбасы: үйленген, екі баласы бар.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.